Оқиға

Алматыда газ баллондар қоймасы өртеніп кетті

© SputnikАлматыда гелий шарларын сататын фирма қоймасы
Алматыда гелий шарларын сататын фирма қоймасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер мен өрт сөндірушілер жанып жатқан үйлерден жиырмадан газ баллон алып шықты

АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Алматыда жеке секторда өрт шықты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Горение складов по Утеген батыра, 2Б - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ірі өрт болып, оннан астам көлік өртеніп кетті

Мұқанов және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында өрт шықты. Тұрғын үйдің шатыры жанып кетіпті. Өрт біртіндеп, көрші үйге ұласып, мереке ұйымдастырумен айналысатын фирманың қоймасын шарпыған.

Жол полициясы қызметкерлері жиырмадан астам оттегі және гелий баллонын алып шықты.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер бес минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Өрт аумағы үш жүз шаршы метрді құрады. Өрт себебі анықталуда. Бастапқы деректер бойынша, ешкім зардап шекпеді.

Жаңалықтар
0