Оқиға

Ақмола облысында бензовоз аударылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуБензовоз, архивтегі фото
Бензовоз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатына техникалық ақау себеп болуы мүмкін

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Ақмола облысында техникалық ақау салдарынан бензовоз аударылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жол оқиғасы 13 қараша күні Көкшетау қаласына шыға берісте болған. АИ-92 маркалы бензин құйылған цистерналы көлік жыраға аударылды. 

Вагоны с углем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана маңында көмір тиелген вагон шетке ауып кетті
"Алдын ала болжам бойынша, көліктің рөлі істен шыққан. Салдарынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, бензовоз жол жиегіне аударылды. Жүргізуші сау, зардап шеккен жоқ, оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Бензин 15 шаршы метр аумаққа төгілді", — деп мәлімдеді полиция. 

Апат фактісіне қатысты ҚР ҚК 322-бабы "Жерді бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар белгіленді. 

Көкшетау ТЖБ-ден мәлімдегендей, төтенше жағдай орнына бірнеше арнайы техника жіберілген. Өрттің алдын алу үшін бензовоздың үстіне көбік төгілді. 

"Аударылған бензовоздың иесі – фирма жанар-жағармайды цистерналардан тартып шығарды. Кейін техниканы көтеріп, эвакуациялады", — деді құтқарушылар.


Жаңалықтар
0