05:21 14 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.20
  • EUR420.34
  • RUB5.52
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде есірткі шегіп алған КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Жүк көлігінің астына түсіп қаза болған 55 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолымен өткен

АСТАНА, 21 қараша— Sputnik. Полиция жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып өлтірген КамАЗ жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.  

Нокин даңғылында жол апаты болғаны туралы хабарлама полицияға 14 қараша күні кешкі 7-нің шамасында түскен.  

Оқиға орнына жеткен шұғыл тергеу тобы 27 жастағы жүргізуші "КамАЗ" маркалы автокөліктің рөліне есірткі шегіп алып отырып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады. 55 жастағы әйел сол жерде көз жұмған.  

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптама тағайындалды. 

Күдікті тергеу абақтысына жабылды.   


Загрузка...

Басты тақырыптар