Оқиға

Ақтау тұрғынын 50 рет пышақтап өлтірді деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды

© Sputnik / Murad OrujovПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстың себептері әлі белгісіз

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Ақтау тұрғынын 50 жерден пышақтаған қаскөйдің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Германияда Қазақстан азаматы украин жігітін өлтірді

Атырауда ақтаулық азамат 50 жерден пышақталып, қаза тапты. 39 жастағы Иван Грабовты о дүниеге аттандырған қырғыз елінің азаматы екен. Астрахандағы оқуының сессиясын ойдағыдай тапсырып, Атырауға жеткен Иван Грабов досы екеуі жүрек жалғамақ болып, вокзал маңындағы асханалардың біріне кірген. Бірақ алаңсыз тамақ ішіп отырған жігітті қырғыз азаматы әй-шәй жоқ, пышақтай жөнеліпті.

Марқұм жұбайымен 13 жыл отасқан Лариса бақытты сәттерімнің бәрі артта қалды деп зар жылап отыр. 

"Дәрігермен сөйлескен едім, ол күйеуімнің алған жарақаттан тірі қалуы мүмкін еместігін айтты. Бауыры мен өкпесі, тіпті бас сүйегі де езіліп кетіпті. Менің суреттерден көргенім, жауыз оны аңшылық пышағымен өлтірген", — дейді марқұмның әйелі Лариса Грабова.

Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған. Ал, күдіктіні полицейлер сол маңдағы бейнебақылау камераларының бірі арқылы тауыпты. Қазір қырғыз елінің азаматы тергеу абақтысында отыр.

Осы іске қатысты түрлі сараптама тағайындалған. Күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы да осы тексерістерден кейін белгілі болмақ. Егер кінәсі дәлелденіп жатса, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0