Оқиға

Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз жезөкшелікпен айналысқан

© AFP 2024Жезөкше
Жезөкше - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасы қызының мұндай күйге түскенінен бейхабар болған

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен Алматыдағы секс-притоннан табылды, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жас кәсіпкер әлі табылған жоқ

17 жасар жезөкшенің отбасы оның қайда әрі не істеп жүргенінен бейхабар болыпты.

Полицейлердің анықтауынша, қызды алдап-сулап, жеңіл жүріске салған. 

"Қыркүйекте ол үйден кетіп қалған, біз тауып алғанша клиенттерге интимдік қызмет көрсетіпті. Отбасы мен жақындары оның қайда кеткенін білмеген. Із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Қазір қыз отбасына қайтарылды", —дейді Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Қызды алдап, осындай әрекетке баруға көндіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар
0