22:39 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Газ жанарғысы, архивтегі сурет

Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

CC0 / Steve Buissinne
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
48300

Қайғылы оқиға 23 қараша күні Таскен елді мекенінде болды

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Шымкентте үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz. 

Алдын ала ақпарат бойынша, жер үйде 1976 жылғы ер адам, 1983 жылғы әйел және 5 жасар бала уланып қалған. 

Оқиға орнына газ шаруашылығының мамандары келді. Олар үйде қолдан жасалған жылу қазандығы орнатылғанын анықтады. 

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Оралда жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті. Жүктіліктің жетінші айындағы 37 жастағы әйел күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Кейінірек келіншектің құрсағындағы шаранасы шетінеп кеткені белгілі болды.

Әйелдің күйеуінің айтуынша, ол таңертең үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты. 

"Мен қатты жарылыстан оянып кеттім. Ас үйге жүгіріп барсам, әйелім жанып жатыр. Отты қолыммен сөндіре бастадым. Оның бүкіл денесі күйіп қалды. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым, олар оны ауруханаға алып кетті", — деді ол. 

Әйелден өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген.   


Загрузка...

Басты тақырып