Оқиға

Жаңаөзенге жақын маңда тепловоз "ГАЗельді" қағып кетті

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңаөзен қаласының Теңге ауылында теміржол өтетін жерде тепловоз бен "ГАЗель" соқтығысқан

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат екі кезінде болған. Lada.kz хабарлағандай, "ГАЗель" көлігінде он үш адам болады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны әлі нақтылануда.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте "жедел жәрдем" Volkswagen көлігімен соқтығысты

"Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Оқиға орнына құқық қорғау органдары қызметкерлері мен Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов келді.Тиісті тергеулер атқарылып жатыр", — деп хабарлайды Жаңөзен прокуратурасы баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан бастапқы деректер бойынша алты адам қаза тапқан, қалған жетеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері санавиация бригадасы құрамында аттанған. Тепловозда қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар-жоғы анықталуда.

Жаңалықтар
0