12:12 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Жедел жәрдем, архивтегі сурет

БҚО-да екі көліктің соқтығысуы салдарынан 4 адам қаза болды

© Sputnik / Павел Лисицын
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
147 0 0

"ВАЗ" көлігі Орал-Ақсай автожолының 68 километрінде жолдың қарсы бетіне шығып кеткен

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Жол апаты бүгін таңғы сағат 8-дің шамасында болды, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.  

БҚО жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Габдуллиннің айтуынша,  "ВАЗ 2114" және "Фольксваген" автокөліктері Орал-Ақсай автожолының 68 километрінде бетпе-бет соқтығысқан.  

"Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ" маркалы автокөлік Орал қаласына қарай келе жатып, трассаның 68 километрінде жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол "Фольксваген" көлігімен соқтығысты. Салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза болды. "Фольксваген" жүргізушісі Теректі ауданының орталық ауруханасына жатқызылды", — деді Манарбек Габдуллин. 

Оқиға орнында полицейлер мен криминалист срапшылар жұмыс істеп жатыр.  


Басты тақырыптар