Оқиға

Байқоңыр прокуратурасы "Южный" ғарыш орталығындағы құқықбұзушылықты анықтады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБайқоңыр
Байқоңыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кешен прокуратурасы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы мамандарының қатысуымен Байқоңырдағы "Южный" ғарыш орталығында сатып алу туралы заңнаманың орындалуын тексерді

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Прокуратура Байқоңырдағы "Южный" ғарыш орталығында жасалынған келісімнің шарттарын жүйелі түрде бұзу жайттарын анықтады.

Байқоңыр қаласы - Sputnik Қазақстан
Астана мен Мәскеу Байқоңыр бойынша отырысты жылдың соңына дейін өткізеді

"Тауар жөнелтпе құжатқа сәйкес жеткізілгеніне қарамастан, олардың ақысын төлеу көбінесе бірнеше айға кешіктіріліп жүргізіледі… Жалғыз жеткізушіден сатып алу туралы шешімді рәсімдеу және сатып алу процедураларын атқарғанға дейін алдын-ала контрагентпен келісім жасасу жайттары анықталған", — делінген "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы сайтында жарияланған құқық қорғау органының хабарламасында.

Тексеру барысында келісімшартта көрсетілген тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің міндетін дұрыс атқармауы үшін тартылатын жауапкершіліктеріне қатысты құқықбұзушылықтар белгілі болған.

"Дәлірек айтқанда, келісімдердің бірінде айыппұл ережелерге кереғар есептелген.Келісімшарт бағасы үш миллион рубльден көп болса да, орындаушы мен тапсырыс берушіге тағайындалған айыппұл заң талабына сәйкес келмейді", — деп атап өтті прокуратура. 

Бұдан бөлек, "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының келісімінсіз ірі көлемдегі шарттар жасалғаны анықталды.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы мамандары мен прокуратура анықтағандай, "Роскосмос" сатып алу көлемдерін бөлуге тыйым салғанына қарамастан, келісімнің бастапқы сомасын азайту мақсатында осындай әрекетке жол берілген.

Жаңалықтар
0