02:54 13 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.47
  • EUR421.43
  • RUB5.54
Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 80 жастағы қария қатты күйіп қалды

Шығыс Қазақстанда мүгедек қызын өрттен құтқармақ болған қария қатты күйіп қалды

© Flickr / ДЧС ВКО
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
102 0 0

Құтқарушылар келгенше үйдің түгі қалмай өртеніп, жалын жақын орналасқан моншаны шарпыған

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында мүгедек қызын өрттен құтқармақ болған қарт ер адам қатты күйік алды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.

Өрт таңертең ерте Глубокое ауданы Тарханка ауылында шыққан. Жер үй түгелдей өртке ораныпты: қабырғаның ағаш құрылысы, есік-терезе бөліктері, шатыры мен төбесі түгелдей өртеніп кеткен. Жалын лаулап, қасындағы монша мен жазғы ас үйді де шарпи бастаған.

Оқиға куәгерлері өрт сөндірушілерді шақырғанымен, жақын орналасқан өрт  сөндіру бөлімшесі 22 шақырым жерде, Өскемен қаласында болған, сол себепті олар жарты сағатта әрең жетіпті.

Көршілердің айтуынша, үй иесі – 81  жастағы қарт – мүгедек қызын өрттен өзі алып шыққан. Үйде екеуі ғана тұрады екен.

  • Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 80 жастағы қария қатты күйіп қалды
    Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 80 жастағы қария қатты күйіп қалды
    © Foto : ДЧС ВКО
  • Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 80 жастағы қария қатты күйіп қалды
    Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 80 жастағы қария қатты күйіп қалды
    © Flickr / ДЧС ВКО
1 / 2
© Foto : ДЧС ВКО
Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, 80 жастағы қария қатты күйіп қалды

"Біздің бөлімше бірінші болып жетті. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте үйде газ баллон бар-жоғын сұраған. Бар екен. Бір баллон жарылып кеткенімен, қалған екеуін өрт сөндірушілер алып шықты, — деп хабарлады бөлімше бастағы Данияр Биекенов. – Үй иесінің қызы зардап шеккен жоқ, ал ақсақалдың қолдары қатты күйіп қалған. Медициналық көмектен бас тартқанымен, біз оны дәрігерлерге қараттық".

Зардап шегуші 1 қалалық аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды.

Өртті сөндіру үшін облыс орталығынан қосымша күш шақырылды. Жалпы 21 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрайды.

Пеш жаққан кезде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін бұзу салдарынан өрт шыққан болуы мүмкін.

Кілт сөздер:
мүгедек, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар