01:43 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото

Астанада көктайғақ: жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті

© Sputnik / Андрей Стенин
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
79 0 0

Қазіргі таңда полицей әр түрлі жарақатпен ауруханада жатыр

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Астанада автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды көлік қағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында болды.  

" Lexus жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлді игере алмай, автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды қағып кетті", — деп хабарлады полициядағылар.

Жол апаты салдарынан полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  


Басты тақырыптар