17:01 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Өрт сөндіруші

Оралда өртке оранған жатақханадан сегіз адам құтқарылды

© Sputnik / Сергей Ким
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Құтқарылғандардың арасында үш бала бар

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Оралда бес қабатты жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Балабақша
© Sputnik / Владимир Песня

Жатақхана тұрғынының сөзіне сүйенсек, өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Бөлмеде маскүнем ер адам тұрады екен.

БҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жатақхананың өртенгені туралы хабар 20.16-да түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілді. Олар барғанда төртінші қабатта бөлме лаулап жанып жатқан, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі басылымға. – 21:00-де өрт ауыздықталып, 22:09-да сөндірілді".

Жатақхана тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер сегіз адамды құтқарған, олардың үшеуі – балалар. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Басты тақырыптар