Оқиға

Қазақстан азаматын ұралаған Ресей полицейлері сотталды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің полиция қызметкерлері көрсеткіштерін жақсарту үшін Қазақстан азаматын ұрлаған

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қостанайда Қазақстан азаматын ұрлаған ресейлік полицейлерге үкім шығарылды, айыптылар 8-10,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының Тергеу комитеті баспасөз қызметі.

Бала көтерген әйел - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Теміртауда екі жасар сәбиді ұрлаған бала күтушісі ұсталды

Тергеу анықтағандай, 2005 жылы шілдеде полиция офицерлері Қостанай қаласында жүріп, жұмыс көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Қазақстан азаматын ұрлаған. Сотталғандар ер адамды күшпен Яр Чаллы қаласына алып кетіп, қоқан-лоққы көрсетіп, заңсыз есірткі саудасымен айналысқанын мойындатқан әрі жедел іздеу қызметінің нәтижесін қолдан жасап, жәбірленушінің кінәсін дәлелдейтін жалған айғақтар келтірген. Полицейлердің қылмыстық әрекеті салдарынан ер адам нақақтан нақақ 15 жылға бас бостандығынан айырылыпты.

Жәбірленушінің анасы Ресейдің Тергеу комитеті бас тергеу басқармасына арыз берген соң, 2015 жылы қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары нәтижесінде РФ Жоғары соты қазақстандыққа шығарылған үкімнің күшін жойды.

"Жиналған айғақтар РФ ІІМ Қазан қаласы бойынша полиция басқармасының басшысы Руслан Халимдаров, РФ ІІМ бұрынғы жедел уәкілі Владимир Егоров, Яр Чаллы қаласы ІІБ бұрынғы бөлім басшысы Валерий Ковылин, сондай-ақ Татарстан Республикасы бойынша ІІМ жедел уәкілдері Анатолий Ходько мен Рашид Шайдуллинге қатысты үкім шығаруға жеткілікті болды", — делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Нәтижесінде Халидаров пен Егоров 10,5 жылға, Ковылин 9 жылға, Ходько мен Шайдуллин 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Жаңалықтар
0