Оқиға

Петропавлда жоғалған жігіттің денесі табылды

CC0 / / Жас жігіт
Жас жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт бесінші күні орманда өлі күйінде табылды

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Петропавлда із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Өзен жағасындағы қыздың сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда жоғалған қыздың мәйіті табылды

Жоғалып кеткен Смирнов Александр Юрьевич төрт тәулік бойы іздестірілген. 2 желтоқсанда үйден шығып кетіп, қайтып оралмапты.

"7 желтоқсанда таңертең ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 6637 әскери бөлімшесінің қатысуымен іздеу шаралары барысында орман ішінен із-түзсіз жоғалып кеткен Александр Смирновтың денесі табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ", — деп мәлімет берді ІІД.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық істі тергеу аясында болған оқиғаның мән-жайы анықталады.

Жаңалықтар
0