01:34 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Жол апаты

Балқаш түбіндегі жантүршігерлік апаттан екі жігіт қаза тапты

CC0 / Rico_Loeb
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
30 0 0

Жол апаты Балқаштан 60 шақырымдай жерде болған

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды-Балқаш тас жолында жеңіл көліктер соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның мәліметінше, жол апаты Балқаштан 60 шақырымдай жерде болған.

"Lada көлігінің жүргізушісі – Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны, бастапқы мәлімет бойынша, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігіне соғылған", — деді Құдияров.

Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Mercedes жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Басты тақырыптар