01:44 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Өрт

Алматыда өрт салдарынан екі көлік пен жер үй зиян шекті

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Өрт себептері анықталуда

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Мұқанов көшесі бойында гараждан өрт шықты, деп хабарлайды куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Мұқанов көшесі, 195 мекенжайы бойынша орналасқан гаражда көлік өртенді. Жалын екінші көлікті де шарпып, кейін жанында орналасқан жер үйге ұласыпты.

Өртену аумағы 70 шаршы метрді құрайды. Бірінші көлік түгелдей өртеніп кетсе, екіншісіне шала-шарпы зиян келген.

Өрттің шығу себептерін Алматы қаласы ТЖД анықтайды.

  • Гараждағы өрт
    Гараждағы өрт
    © Sputnik /
  • Гараждағы өрт
    Гараждағы өрт
    © Sputnik /
  • Гараждағы өрт
    Гараждағы өрт
    © Sputnik /
1 / 3
© Sputnik /
Гараждағы өрт

Басты тақырыптар