05:01 14 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.20
  • EUR420.34
  • RUB5.52
Ер адам қыздың иығына қолын қойып отыр, архивтегі фото

Өгей қызын зорлаған павлодарлық сотталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
66800

Ер адам 13 жастағы қызды бес жылдай уақыт бұрын зорлаған

АСТАНА, 15 желтоқсан– Sputnik.  Павлодар мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Соттың мәліметінше, 32 жастағы павлодарлық 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын барынша қауіпсіз түзету мекемелерінде өтейді. 

Агенттік анықтағандай, қылмыс 2013 жылы жасалған, ол кезде сотталушының өгей қызы 13 жаста, ал өзі 28 жаста болған.  

Сонымен қатар, ер адамның ірі көлемде ұрлық жасағаны дәлелденді, сондықтан оның қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленеді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  


Загрузка...

Басты тақырыптар