01:54 13 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.47
  • EUR421.43
  • RUB5.54
Пышақ

Өскеменде әжейді тонаушылардан құтқарған ер адам өлім аузынан қалды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
10201

Ұсталған тонаушылар бұрын да қылмысы үшін сотталған

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Өскеменде зейнеткерге шабуыл жасаған тонаушыларды ұстамақ болған ер адам өлім аузынан қалды, деп жазады YK-news.kz өңірлік басылымы.

11 желтоқсанда жергілікті тұрғын екі ер адамның 92 жастағы зейнеткер әжейдің әмиянын тонап жатқанын көріп, соңдарынан қуады. Әмиянда 4500 теңге болыпты. Батыл жігіт тонаушыларды ұстай алмады: олардың бірі пышақ сұғып алған.

Тонаушыларды полиция қолға түсірді. Ұсталғандардың бірі – 39 жастағы ер адам, бұрын төрт рет сотталған. Екіншісі – 50 жастағы азамат, жеті рет сотталыпты.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, зейнеткерге көмектеспек болған тұрғын марапатталуы мүмкін.

Загрузка...

Басты тақырыптар