Оқиға

Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті

Жазылу
Ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 150 шақырым жерде болған

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданныда тауар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті.

Volvo көлігі бүгін таңертең сағат жеті кезінде Алматы мен Бішкек арасындағы жолда өртенген.

 

 

Оқиға орнында түсірілген видео Kris_p_almaty паблигінде жарияланды. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөннідегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов төтенше жағдайды растап, толығырақ деректермен бөлісті.

"Ең жақын елді-мекен Ақтерек ауылы, елу шақырымдай қашықтықта болған. Өрт сөндіру бөлімшесі жүз елу шақырымда. Өртті сөндіруге Алматы және Жамбыл облыстарының өрт сөндірушілері қатысты", — деді ол.

Өрт бір жарым сағаттан соң ауыздықталып, тағы он бес минута толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0