Оқиға

Алматы – Мәскеу әуе рейсіне діни ағымдағы 6 жолаушыны мінгізбей қойды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҰшақ, архивтегі фото
Ұшақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға салдарынан аталған әуе рейсі жарты сағаттан астам кешіккен

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Air Astana Алматы – Мәскеу бағытындағы ұшаққа деструктивті діни ағымдағы алты жолаушыны мінгізбей қойған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.      

Оқиға 4 қаңтар күні болған. 

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде теріс діни ағым жетегінде жүргендер қамауға алынды
"Алматы — Мәскеу рейсінен деструктивті діни ағымдағы алты жолаушы түсірілді. Ұшақ 38 минут кешікті", — деді баспасөз қызметіндегілер.  

Компания егер мұндай жағдай қайталанса, теріс қылық танытқан азаматтарға қатысты ескерту хат жазылады, содан кейін олар жолаушылардың қара тізіміне енгізілуі мүмкін.  

Оқиға әуежайдың ғимаратында болған, яғни жолаушылар ұшаққа мініп үлгермеген.   


Жаңалықтар
0