Оқиға

Астанада балалар орталығынан ақша ұрлаған жігіт іздестірілуде

© SputnikАқша, архивтегі фото
Ақша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз біреу балалар орталығынан ірі көлемде ақша ұрлап, бейнебақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik.  Астана полициясы қала тұрғындарынан балалар орталығынан ақша ұрлаған ұрыны ұстауға көмек сұрайды, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Балалар орталығының басшысы полицияға 5 қаңтар күні сағат 13.30 шамасында белгісіз біреу кассадан ақша ұрлағанын айтып, арызданған.  

"Холлда қызметкердің жоқ екенін пайдаланып, қаскүнем әкімшілік орын-жайындағы үстелден шамамен 90 мың теңгені ұрлап кеткен", — деп хабарлады ІІД.  

© Photo : Астана ІІД / бейнебақылау камерасының жазбасыБалалар орталығынан ақша ұрлаған күдікті
Балалар орталығынан ақша ұрлаған күдікті  - Sputnik Қазақстан
Балалар орталығынан ақша ұрлаған күдікті

"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Астана қаласының ішкі істер департаменті аталған қылмысты жасаған күдіктінің кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды. Қандай да бір ақпарат білетіндер 8 (7172) 716710, 8 (7172) 716711 ("Алматы" ауданы ІІБ кезекші бөлімі) телефондары арқылы немесе 102-ге хабарласуына болады.  


Жаңалықтар
0