Оқиға

Семейде гаражда тұрған көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды

CC0 / / Көлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілген

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Семейде көлікте болған қыз бен жігітке иіс тиіп, қаза тапты.

Каспий Актау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда қыз бен жігіт суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні кешкісін гаражда болыпты.  

"Қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде болған. Тоңып қаламыз деп, көлікті өшірмеген сыңайлы. Мәйіттерін кешке төңіректі шолып шыққан күзетші тауып алды", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Бастапқы деректер бойынша, қыз бен жігіт иіс газына тұншығып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Жаңалықтар
0