Оқиға

Астанада төтенше жағдай жарияланды

© Photo : Предоставлено очевидцамиборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мекемелер мен ұйымдарға жұмысты уақытша тоқтату ұсынылды

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қалалық әкімдік хабарлағандай, табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

"Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынамыз", — деп хабарлайды әкімдік.

Жаңалықтар
0