Оқиға

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

© SputnikАстанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті
Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана тұрғындарын ақтүтек боран әбігерге салды

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Астанада қатты боран С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Sputnik Қазақстан тілшісіне университет қызметкерлерінің бірі хабарлағандай, қатты боран университеттің басты корпусының шатырын жұлып әкеткен. Барлық студенттер үйге жіберіліп, ғимарат жабылды. 

Айта кетсек, елордада ауа райының бұзылуына байланысты Астана әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қала тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерден басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, білім беру мекемелері және құрылыс нысандарының басшыларына жұмысты уақытша тоқтату ұсынылды. 

Бастауыш сынып оқушысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада боранда жоғалған бала табылды

Астанадан шығатын барлық жол мен әуежай жабылды. 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Мемлекеттік балабақшалар түскен кейін жабылады. 

Сондай-ақ қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылып, елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті. 

 

 

Жаңалықтар
0