Оқиға

Ер адам метрода жолаушы әйелді пойыздың астына итеріп жіберді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуМетро
Метро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Метродағы жантүршігерлік жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Сан-Паулуда метрода жолаушылардың бірі әйелді келе жатқан пойыздың астына итеріп жіберді.

Метрода вагон есігіне қысылып қалған әйелді пойыз сүйреп әкетті - Sputnik Қазақстан
Видео
Метрода вагон есігіне қысылып қалған әйелді пойыз сүйреп әкетті

Сан-Паулудағы метрополитенде жолаушылардың бірі әйелді пойыз астына итеріп жіберді. Аппақ киім киген ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның пойыздың жақындағанын әдейі күткені көрініп тұр. Жәбірленуші аман қалды, тек сол қолы сынып, жеңіл-желпі жарақат алған, деп хабарлайды life.ru

Полицияның мәліметінше, ер адамның психикалық ауытқушылығы бар, сондықтан ол пойыз күтіп тұрған кез келген адамды итеріп жіберуі мүмкін еді. Қазір күдікті тұтқындалып, жауап алынуда. 

Метро қызметкерлері бірден электр энергиясын сөндіріп, жәбірленушіні алып шықты.

Жаңалықтар
0