01:11 20 Сәуір 2018
Тікелей эфир
дәрігерлер

Астанада жел ұшырған ер адам ғимаратқа соғылып, жарақат алды

© Sputnik / Баубек Коныров
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Астанада қатты боран соқты (17)
215 0 0

Қазір Астанада боранға байланысты төтенше жағдай жарияланған

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Елорда тұрғыны алай-түлей соққан желге ұшып, бизнес орталығы ғимаратына соғылып, жарақат алды, деп хабарлайды травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.

"Қолайсыз ауа райынан екі адам зардап шекті: 1984 жылғы әйелдің үстіне баннер құлап, оң жақ жауырынынан жарақат алған, 1950 жылы туған ер адам қатты желге ұшып, бизнес орталығына соғылу салдарынан тобығын ауыртып алды", − деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы ұйымның мәліметінше, 10 қаңтарда травмпунктке 73 адам қаралып, олардың 46-сы көшеде жарақат алған.

Бүгін 11 қаңтарда 8:00 бен 15:00 аралығында 17 адам қаралыпты. Мекеме штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тақырып:
Астанада қатты боран соқты (17)

Басты тақырыптар