Оқиға

СҚО-да теміржол өткелінде мотоциклші қаза тапты

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
33 жастағы ер адам қоршауға соғылып мерт болды

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында теміржол өткелінде мотоциклші қаза тапты, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен мұғалімнің мәйіті табылды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Аққайың ауданында Смирново-Тоқушы автожолының 6 шақырымындағы теміржол өткелінде болды. Мотоцикл жүргізушісі рөлге ие бола алмай, өткел қоршауына соғылған. 

"Салдарынан мотоциклші, Тоқушы ауылының 33 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", — деді ІІД-ден. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0