Оқиға

ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

CC0 / Vanessa flowerinmyhair / қыздар, алкоголь
қыздар, алкоголь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішімдік ішкен оқушының ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында ішімдік ішкен 15 жастағы оқушы қыз бірінші сатыдағы комаға түсті, деп хабарлайды YK-news.kz.

Тоғызыншы сынып оқушысы Мәдениет және спорт сарайында алкогольді ішімдік ішкен. Кейін ол өзін жаман сезініп, іс-әрекетіне саналы түрде жауап бере алмайтын бірінші сатыдағы комаға түскен. 

Қыздың ата-анасына қатысты полиция "Кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Жаңалықтар
0