Оқиға

Шымкентте газдан уланған екі жасар сәби қайтыс болды

© Sputnik / Табылды Кадырбековгаз
газ - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Шымкентте табиғи газдан үш адам уланып, екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сайрам ауданында үш үйдің баласы табиғи газға уланған. Оның екеуіне дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, аман алып қалды. Бірақ екі жасар сәби оқиға орнында тіл тартпай кетті. 

Газ жанарғысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Жеке тұрғын үйлердің бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде үйде табиғи газ тартылған жылыту қазандығынан ақау шыққаны анықталды.

"Он бесінші қаңтар күні таңғы сағат жетілер шамасында "102" нөміріне жеке тұрғын үйлердің бірінде үш баланың уланып қалғаны туралы хабар түсті. 2009, 2013, 2015 жылы туған балалар газдан уланған, біреуі оқиға орнында қайтыс болды", — дейді ОҚО ТЖД бас маманы Зарипа Абдулаева. 


Жаңалықтар
0