06:32 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Ақтөбеде жолаушылар автобусы өртенді (14)
1319 0 0

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент автожолында бүгін сағат 10.30-да автобус өртенді

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысында автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге апара жатыр, деп хабарлады  Sputnik Қазақстанға облыстық ТЖД.   

Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров бар. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі  Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан  Мырзахметов.   

Sputnik Қазақстанға облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу бөлімінің жетекшісі  Әсия Тржанова хабарлағандай, үш адам дін аман, екі адамды жеңіл күйік шалған.   

"Біздің дәрігерлер оларды қарап жатыр, алдын ала мәлімет бойынша, ауруханаға жатқызуға қажеттілік жоқ. Зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді", — деді Тржанова.


Тақырып:
Ақтөбеде жолаушылар автобусы өртенді (14)
Кілт сөздер:
өрт, автобус, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып