Оқиға

Астанада екі адамды үсік шалды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуҮйсіз-күйсіз адам орындықта жатыр, архивтегі фото
Үйсіз-күйсіз адам орындықта жатыр,  архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада үй-күйсіз жүрген екі адам қатты аяздан зардап шекті

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Астанада тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер және әйел адамды үсік шалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Орталық темір жол ауруханасы жарақат бөлімінің науқастарды қабылдау бөлмесінің мамандары.  

Қыз жолда көлік тоқтатып тұр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда жігітіне ренжіген қыз аязда қимылсыз жатқан жерінен табылды
"Бүгін күндіз үсік шалған 45 жастағы ер және 50 жастағы әйел адам түсті. Екеуінің де тұрғылықты жері жоқ. Олар Бірінші қалалық ауруханаға жіберілді", — деді науқастарды қабылдау бөлмесіндегілер.

№2 қалалық балалар ауруханасы мен  Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының науқастарды қабылдау бөлмелеріне үсік шалған пациенттер түспеген.  

Дүйсенбі күні еліміздің солтүстік өңірлерінде температура 45 градусқа дейін түсті. Астанада сынап бағанасы 39 градус суықты көрсетті.  

Айта кетейік, Щучье қаласында (Ақмола облысы, Астанадан 241 километр жерде) 38 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйел үсіп өлді. Екеуінің де тұрғылықты жері болмаған.    


Жаңалықтар
0