Оқиға

Астанада кеше түнде жол апатынан үш адам қаза тапты

© pixabayАвтокөлік доңғалағы
Автокөлік доңғалағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше түнде елорданың сол жағалауында екі көлік соқтығысты

АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Астанада кеше түнде Амман көшесіндегі "Мечта" дүкеніне қарама-қарсы бетте жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттіне қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
Жол апаты жұма кешкі сағат 23.00 шамасында болған. "ВАЗ" автокөлігі Toyota Runner жол талғамайтын көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. 

"Жол апаты салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды, кейін бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Ал жүргізуші мен Toyota маркалы көліктің жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", — деп мәлімдеді Астана ІІД баспасөз қызметі. 

ҚР ҚК 345-бабы (жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзуы) бойынша тергеу басталды.

Жаңалықтар
0