Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

© Sputnik / Предоставлено очевидцамиБағанға соғылды
Бағанға соғылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушіні шығару үшін бүктеліп қалған көліктің есігін кесуге тура келген

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Алматыда автокөлік қатты жылдамдықпен бағанға соғылды, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер. 

Lexus Сүйінбай даңғылымен қатты жылдамдықпен жүрген. Автокөлік  Хмельницкий көшесінен өте бергенде белгісіз себептермен көшені жарықтандыру бағанына соғылған. Соққы жүргізуші жақтан болған. Оқиға орнына келген ТЖ департаментінің қызметкерлері рөлдегі ер адамды шығару үшін автокөліктің есігін кесіп алған.  

Зардап шегуші өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дегенмен кейінірек ол көз жұмғаны белгілі болды.  

© Sputnik / Предоставлено очевидцамиБағанға соғылды
Бағанға соғылды - Sputnik Қазақстан
1/3
Бағанға соғылды
© Sputnik / Предоставлено очевидцамиБағанға соғылды
Бағанға соғылды - Sputnik Қазақстан
2/3
Бағанға соғылды
© Sputnik / Предоставлено очевидцамиБағанға соғылды
Бағанға соғылды - Sputnik Қазақстан
3/3
Бағанға соғылды
1/3
Бағанға соғылды
2/3
Бағанға соғылды
3/3
Бағанға соғылды

Куәгерлердің айтуынша, быт-шыт болған көліктегі спидометрдің тілі сағатына 100 километр жылдамдықта қатып қалған.  

Апат болған жерде жол және криминальдық полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.   


Жаңалықтар
0