Оқиға

Алматыда Subaru Legacy қатты жылдамдықпен бағдаршамға соғылды

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты кеше түнде болған. Жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Subaru Legacy көлігін мінген жүргізуші қатты жылдамдықпен бағдаршамға соғылды, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бағанға соғылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Олардың мәліметінше, жол апаты сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Абылай хан даңғылы мен Мәметова көшесі қиылысында болған. 

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Subaru Legacy Абылай хан даңғылында қатты жылдамдықпен келе жатыпты. Жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай қалып, бар жылдамдықпен бағдаршамға соғылған. Қатты соққыдан көліктің күл-талқаны шығады. 

Жол апаты салдарынан жүргізуші зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.


Жаңалықтар
0