Оқиға

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында кеше екі жол апаты болды

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысында 14 ақпанда екі жол апаты салдарынан алты адам ажал құшты, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Бірінші жол апаты таңғы тоғыз кезінде Шешенқара ауылынан 30 шақырымдай жерде болған. Полиция мәліметіне сүйенсек, Toyota Camry мінген 62 жастағы жүргізуші Қарқаралы жаққа кетіп бара жатып, 68 жастағы ер адам мінген "ВАЗ-2123" көлігіне соғылған.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты

Салдарынан  "ВАЗ-2123" көлігінің жүргізушісі мен 49 жастағы Toyota жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Toyota жүргізушісі мен оның 82 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмған. Тағы үш жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Екінші апат 13.30 кезінде Қызылқой ауылынан бес шақырым жерде болды. LADA Granta көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Жезқазғанға кетіп бара жатыпты. Бастапқы мәлімет бойынша, ол қарсы бетке шығып кетіп, 51 жастағы ер адам мінген Toyota Camry көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан қос жүргізуші де оқиға орнында қаза болды. Екі көліктің бес жолаушысы ауруханаға жатқызылды. 


Жаңалықтар
0