19:52 14 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Арнайы операция

Арнайы операция кезінде Қарулы күштер 29 адамды ұстады

© Photo : Пресс-служба ДВД Жамбылской области
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
45310

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнайы операция жүргізілген

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады, олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар, деп хабарлады Бас прокуратура.

Арнайы операция 15-16 ақпанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жүргізілген.

Қарулы күштер шекаралық аймақтарда контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтады.   

"Нәтижесінде 29 күдікті тұлға ұсталды. Олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, криминалитет өкілдері мен Қырғызстанның екі азаматы бар", — делінген хабарламада. 

Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынла 16 адам ұсталса, Оңтүстік Қазақстан облысында 13 адам қолға түскен.

Кілт сөздер:
күдіктілер, арнайы операция, Қарулы күштер
Загрузка...

Басты тақырып