17:55 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
294 0 0

Жасөспірімдер жел толтырылған шанамен таудан сырғанамақ болған

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Шығыс Қазақстандағы тау шаңғысы демалыс орындарының бірінде бойжеткен қаза тапты. Бұл мәліметті демалыс орнының әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында растады.

Демалыс орны әкімшілігінің мәліметінше, бойжеткен 27 ақпанда тау шаңғысы жолында стьюбтен (жел үрленген шана) құлап қаза тапқан. 

Жасөспірімдер демалыс орнына ересектермен бірге демалуға барған. Арқан жолдың қызметкерлері ескерткеніне, тыйым салушы белгілерге қарамастан, жас қыз-жігіттер үрленген шанамен таң шаңғысы жолында сырғанамақ болыпты. Негізінде шанамен сырғанауға арналған арнайы трасса бар екен.

"Қайғылы оқиға тауда болды, тезарада зембілмен түсіріп, кезекші дәрігер шақырылды. Бірақ, өкінішке орай, жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, бойжеткеннің өміріне араша түсу мүмкін болмады", — деп хабарлады демалыс орнының әкімшілігі.

Қазір демалыс орны уақытша жұмысын тоқтатқан, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, бойжеткен, тау шаңғысы курорты, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып