Оқиға

Алматыда жаяу жүргіншінің кесірінен жол апаты болды: бес адам зардап шеккен

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші жаяу жүргіншіні қақпау үшін қарсы беттік қозғалыс жолағына өтіп кетті

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мосин көшесі қиылысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты.

Rolls Royce - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда су жаңа Rolls-Royce апатқа ұшырады

Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиға куәгерлері хабарлағандай, Mercedes көлігі Сейфуллин даңғылымен келе жатып, Мосин көшесіне жете бергенде, алдынан тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан әйел шыға келеді. Жаяу жүргіншіні қақпау үшін Mercedes жүргізушісі рөлді шұғыл солға бұрып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетеді, ал сол кезде  Daewoo Nexia көлігі қарсы жүріп келе жатыпты.

Екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті: қос көліктің жүргізушілері мен жолаушылары және жаяу жүргінші әйел.

Бесеуі де әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0