Оқиға

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды

Жазылу
Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде жанып жатқан пәтерден балалар терезе арқылы құтқарылған

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бес адам құтқарылды, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті: адамдар балаларды терезе арқылы жоғарғы қабаттан, төменгі қабатқа түсірді. Үй маңында халық көп жиналған.

Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, өрт туралы хабар диспетчер пультіне 2 наурызда сағат 14:19 кезінде түсіпті.

Оқиға орнына төрт негізгі және үш арнайы өрт сөндіруші көлік жіберілді. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құраған, балкондағы үй заттары жанған екен.

"Оқиға орнына 14:27-де жеткен кезекші жасақ тоғыз қабатты "Nova City" тұрғын үй кешенінің жетінші қабатында пәтерден өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндіру барысында 5 адам құтқарылды", — деп мәлімет берді ведомство.

Өрт 14:52-де ауыздықталып, сөндірілді.

Жаңалықтар
0