Оқиға

Қарғыс атқан жол: Ақтөбе облысында өзбекстандықтар көлік апатынан қаза тапты

© Sputnik / Предоставлено очевидцамиЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
40 жастағы жүргізуші мен 43 жастағы жолаушының денесі Ақтөбе мәйітханасына жеткізілген

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Өзбекстанның екі азаматы Ақтөбе облысында Самара-Шымкент жолында көлік апатынан қаза тапты.

Маңғыстаудағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Маңғыстаудағы көліктің өртенуі: өзбек азаматтарына қатысты жаңа дерек шықты

Дүйсенбі күні Самара-Шымкент жолында Өлке ауылына жақын жерде КамАЗ бен Өзбекстан азаматтары мінген Opel Astra соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан 40 жастағы жүргізуші Зохиджон Исаков пен 43 жастағы жолаушы Кодиржон Юлдашев ажал құшты. Олардың денесі Ақтөбе қаласындағы мәйітханаға жеткізілген. 

"Өзбекстан СІМ, ІІМ және денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетімен өзара әрекеттесе отырып, қайғылы оқиғаны қаза тапқандардың отбасына хабарлап, мәйіттерді елге жеткізу мәселесі қарастырылуда", — деп мәлімет берді Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0