12:24 25 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.19
  • EUR496.26
  • RUB5.53
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
354 0 0

Жол апатынан жеті адам зардап шеккен, үшеуі жансақтау бөлімінде

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Шымкентте кеше кешке екі көлік соқтығысып, салдарынан жеті адам зардап шекті. Олардың арасында жүкті әйел мен оның екі жасар ұлы да бар, деп хабарлайды otyrar.kz.

Реаниматологтар жүкті әйелді аман алып қалу үшін барын салуда. Зардап шеккен жеті адамның ішінде екі әйел мен бір жігіт Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. 

Дәрігерлердің айтуынша, 27 жастағы жүкті келіншектің жағдайы ауыр. Әйел жүктіліктің 26-27 аптасында екен. Ол қатты соққыдан екіге бөлінген Opel автокөлігінің ішінде отырған. 

Ал жедел жәрдем балалар ауруханасына әкеткен екі жасар бала – осы келіншектің ұлы. 

Жол апаты кеше кешке Арғынбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында болды. Қиылыста Opel мен ВМW көліктері соқтығысып қалған. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің бірі екіге бөлінген.


Загрузка...

Басты тақырып