11:57 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Атыс қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, келушілер мен күзетшілер төленбеген үш мың теңге үшін жанжалдасыпты

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Тараздағы дәмхананың бірінде 3400 теңге үшін күзетшілер мен клиенттер арасында жанжал туындап, соңында оқ атылған, деп хабарлайды КТК.

Әзірге қай тараптың қару қолданғаны беймәлім. Белгілісі, жарақат алған екі адам ауруханаға түскен.  Ал, азын-аулақ ақша үшін кісі өлімі тіркеле жаздаған асхананың қызметкерлері даудың неден болғанын былай түсіндірді.    

"Алдында да отырған. Оны төлеп кеткен. Жанындағы тағы бір бала мен төлеймін деген. Ол бала төлемей, өзі кетіп қалған. Ал, мыналар "біз төлемейміз, жаңағы бала төйлейді" деген. Екеуі бір-бірін түсінбей қалған ғой. Бұлар "сіздер төлеп кетіңіздер" деп айтқан", — дейді даяшылардың бірі. 

Дәмхананың даяшылары одан арғысын білмейміз деп құтылды. Айтуларынша, күзет агенттігінің жігіттері келген соң, дау далада жалғасқан. Бірақ, кімнің-кімге оқ атқанын көрмедік дейді қызметкерлер. Өйткені олар ушыққан жанжалдан шошып, ғимараттың есігін жауып, ішке жасырынған.

Түн жарымда болған оқиға құзырлы орындарды аяғынан тік тұрғызды. Жедел жеткен тәртіп сақшылары асхананы қоршауға алып, бөлімшеге жігіттерді әкетіп жатты. Бірақ полициядағылар осы жайтқа қатысты әзірге ақпарат берген жоқ. 

Бір анығы, атыстан жарақат алған екі адам ауруханаға түскен.

"Бізге түнгі сағат ондар шамасында 27 және 32 жастағы екі жігіт түсті. Біреуі жедел жәрдем көлігімен, екіншісі өзі келді. Арасы 30 минут. Екеуіне де оқ тиген. Бірінің жамбас тұсы, екіншісінің саны жарақаттанған. Рентген әрқайсысының аяғында 30 шақты бытыраның қадалып тұрғанын көрсетті. Науқастарға медициналық көмек көрсетіп, қайтардық", — деп мәлімет берді №1 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабеков.

Кілт сөздер:
дәмхана, атыс, жанжал, Тараз
Загрузка...

Басты тақырып