Оқиға

Сәтпаев қаласында екі қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт сағат бойы сөндірілген өрттің салдарынан 19 адам баспанасыз қалып отыр

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында ағаш үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Желіде Кемероводағы өрт кезіндегі аласапыранның видеосы шықты - Sputnik Қазақстан
Видео
Желіде Кемероводағы өрт кезіндегі аласапыранның видеосы шықты

ТЖК мәліметінше, Сәтпаев қаласы Весовая ауылында үйдің өртенгені туралы хабар 3 сәуірде 03:26 кезінде түскен.

Өрт сөндірушілер келгенде сегіз пәтерлі үйдің екінші қабаты мен шатыры лапылдап жанып жатқан, кейін баспалдағы мен пәтерлер арасындағы қабырғалар қирап түсіпті. 

Жанып жатқан үйден екі адам құтқарылды. Екінші қабаттағы пәтерден құтқарылған 53 жастағы ер адамға иіс тиіп уланып әрі күйік шалып ауруханаға түсті. Сол пәтерден 29 жастағы ер адамның денесі табылған.

Өрт  7:14 кезінде сөндірілді, жалпы аумағы 180 шаршы метр. Өртті сөндіруге 37 адам мен тоғыз техника қатысты. Себебі анықталуда.

Тұрғын үйде 19 адам тұрып жатқан. Баспанасыз қалған олардың үшеуі жатақханаға орналастырылып, қалғандары туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Жаңалықтар
0