Оқиға

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер Қырғызстанның автобусына оқ жаудырды

© AP Photo / Rogelio V. Solisқару
қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарақшылар шабуыл жасаған жолаушыға ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысында белгісіз біреулер Қырғызстанның автобусына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі хабарлағандай, бұл ақпарат бесінші сәуірден алтысына қараған түні түскен. Көлік істен шыққан соң жүргізуші шығып кеткен. Ол қайтып келген кезде микроавтобусқа бірнеше оқ атылғанын және жолаушының жаралы екенін көреді. 

Автобус, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті: 52 адам ажал құшқан

Ақтөбе облысының полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 6 сәуір күні сағат шамамен 00:50-де белгісіз біреулер атыс қаруымен Mercedes-Benz маркалы микроавтобуста отырған жолаушыға қарақшылық шабуыл жасаған.

Микроавтобус Ақтөбе қаласы "Северный обход" трассасындағы Ақшат кентінің жанында тұрған. Күдіктілер жолаушының ақшасы мен алтын әшекейлерін ұрлап кеткен.

Шабуыл жасалған микроавтобустың Қырғызстан азаматына тиесілі екені анықталды. Ол Мәскеуден Қырғызстанға бара жатқан.

"Аталған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тәжірибелі мамандардан құралған жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті мен прокуратурасының бақылауына алынды", — деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0