11:06 22 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
дене шынықтыру сабағы

Алматының білім басқармасы сабақта көз жұмған оқушыға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
149 0 0

Алматы қаласының білім басқармасы оқушының дене шынықтыру сабағында қайтыс болуына байланысты түсініктеме берді

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Алматыда бесінші сынып оқушысы Алексей Халиловтың сабақ үстінде көз жұмуының себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қазіргі уақытта баланың неден қайтыс болғаны анықталуда. Құқық қорғау органдары оқушының емханадағы және мектептегі медициналық картасын зерделеп жатыр", — деп жазылған білім басқармасының Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында. 

Басқарма өкілдерінің айтуынша, оқушы бұған дейін де бірнеше рет мектепте есінен танып қалған. 

"Соңғы рет ол 2017 жылдың желтоқсанында талып қалған. Невропатологқа қаралған балаға дәрігер ем жазып береді. Медициналық картадағы жазбаларға сенсек, ол 2014 жылдан бері  осылай сырқаттанады. Невропатологтың консультациясын алған, бұдан бөлек жоғары қан қысымы дерті бар",- дейді басқармадағылар. 

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, Алексей денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босатылған. Кеше ол сабақ кезінде спорт залдың есігінің алдындағы дене шынықтырудан босатылғандарға арналған орындықта отырған. 

"Кенет Алексей өзін нашар сезінеді, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мұғалім жедел жәрдем шақырған, бірақ дәрігерлер келгенше бала қайтыс болды", — деп жазылған жауапта. 

Айта кетсек, 16 сәуірде дене шынықтыру сабағы кезінде 5 сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты №118 мектеп директорының міндетін атқарушы растаған еді. 



Загрузка...

Басты тақырыптар