Оқиға

Астанада түнде гараж бен монша өртенді

© SputnikӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмадан сенбіге қараған түні ғимараттар өртке оранып, аумағы 80 шаршы метрді құрады

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Астанада екі қабатты коттедж аумағында гараж, монша және шаруашылық құрылыстар өртенді.

Өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

Өрт 21 сәуірде түнгі сағат екіде Айнакөл көшесінде шыққан. Аумағы сексен шаршы метрді құрады. Өрт 02.41 кезінде ауыздықталып, 02.48-де сөндірілген.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге он бес адам мен төрт техника жұмылдырылды", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар азаматтардан өрт қауіпіздігін мұқият сақтауды сұрайды.

Жаңалықтар
0