Оқиға

Жамбыл облысында микроавтобус аударылды: қаза тапқандар бар

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында сенбі күні таңертең жол апаты болды

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысында жолаушылар мінген микроавтобус аударылды. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан.

Алматыда ашық құдықтың кесірінен көлік аударылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ашық құдықтың кесірінен көлік аударылды

Жол апаты сенбі күні таңертең Қордай ауданы, Соған ауылы төңірегінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында болды.

"Микроавтобуста жүргізуші мен он жеті жолаушы болған. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады облыстың ішкі істер депаратменті.

Полиция жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.


Жаңалықтар
0