02:20 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
жол

Ақмола облысында 4 адам құдалыққа бара жатқанда қаза тапты

CC0 / Rico_Loeb
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
430510

Ішінде жеті адам отырған көлік Астана-Қорғалжын тас жолында жыраға аударылып түскен

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында үш әйел мен бір ер адам жол апатынан қаза тапты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

30 сәуірде Астана-Қорғалжын тас жолында Жантеке ауылының маңында JAC M5 минивэнін жүргізіп келе жатқан 38 жастағы әйел рөлге ие бола алмай, көлік жыраға аударылып кеткен.

"Жол апатынан 1965, 1967, 1955 жылы туған үш әйел мен 1953 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қалған екі адам Астанадағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші ішпеген, ол зардап шеккен жоқ", — деді ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағы бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкелген көлікті жүргізіп отырған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы) іс қозғалды.

Полицияның мәліметі бойынша қаза тапқан Щучинск, Воздвиженка ауылы мен Астана қаласының тұрғындары құдалыққа бара жатқан.

 

 

Кілт сөздер:
жыраға аударылып түсті, құдалық, көлік апаты, қаза тапты, қылмыстық іс, жүргізуші, жол апаты, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып