Оқиға

БҚО-да өзбекстандықтар жантүршігерлік апатқа ұшырады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем көліктерінің архивтегі фотосы
Жедел жәрдем көліктерінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыр жүк көлігі мен автобус жүргізушілері жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Орал — Атырау трассасында жол апатынан Өзбекстан азаматтары қаза болды.

Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды, оқиға орнынан фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сот 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты қаулы шығарды

Мамырдың бірінен екісіне қараған түні Лбищенск елді мекеніне жақын маңда ауыр жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Екеуінің де рөлінде өзбекстандықтар болған.  

"Олар жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Тағы бір зардап шегуші түрлі жарақатпен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жатқызылды ", — деді "Мой город" порталына облыстық денаулық сақтау басқармасының мамандары.   

2018 жылдың 18 қаңтарында Самара — Шымкент трассасында 57 адам мінген автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы көз жұмған болатын.   


Жаңалықтар
0