13:02 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Батут

Жел ұшырған батуттан зардап шеккен балалардың жағдайы қалай?

© Photo : Общественный паблик "Астана - Что? Где? Когда?" в соцсетях
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Астанада балалар ойнап жүрген батут қатты желден аударылды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет Астанада же ұшырған батуттан зардап шеккен балалардың хәлі туралы мәлімет берді.

Жұма күні балалар ойнап жүрген батут қатты желден аударылды. Бес бала зардап шеккен: ең кішісі 2014 жылы туған, ал үлкені – 2010 жылы.

"Бес, алты және сегіз жастағы үш бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған, сегіз жастағы баланың самайында гематома пайда болды. Тағы екі бала – алты және төрт жаста – әртүрлі жарақат алды", — деп мәлімет берді ТЖ жөніндегі комитет.

Қатты желден батут 20 метрдей жерге ұшып, аударылған екен. 

Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиға куәгері Шыңғыс Еспаев айтқандай, төтенше оқиға кезінде батутта он шақты бала ойнап жүріпті.

"Оларды алысқа ұшырып әкеткен, кейбіреуін тіпті көліктің астынан іздеп тапты. Оқиға куәгерлері дәрігерлер келгенше балаларды уатып, бетіндегі қанын жуды. Жедел жәрдем 5-10 минутта жетті. Құтқарушылар балаларды алып шығу үшін батутты кесті", — дейді Еспаев.

Оның сөзіне сүйенсек, батут жерге бекітілгенімен, қатты желге төтеп бере алмаған көрінеді.

Кілт сөздер:
балалар, батут, қатты жел, Астана
Загрузка...

Басты тақырып